Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қызылордада жолда қалып қойған 1000-ға тарта жолаушыға көмек көрсетілді

Қызылордада жолда қалып қойған 1000-ға тарта жолаушыға көмек көрсетілді

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған 807 автокөліктегі 1000-ға тарта жолаушыға көмек көрсетілді.


Ақтөбе облысының аумағында қатты боран болып тұр. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолының 1240-1357 шақырымы аралығы жабылған. Бұл Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аралықты қамтиды.


«Осыған орай жол патрульдік полицияның 6 инспекторы 3 автокөлікпен Арал қаласынан 20 шақырым қашықтықта күре жол бойында уақытпен санаспай жұмыс жасап жатыр. Сол аумақта Ақтөбе облысына бағыт алған барлығы 807 автомобиль бар. (Олардың 584-і жүк, 13-і жолаушылар, 210-і жеңіл көлік. Бұл көліктерде 1000-ға тарт жолаушы бар екені анықталды», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.


Жолдың жабық болуына байланысты аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылды. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлер, білім саласы қызметкерлері тарапынан жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуда.



Дереккөз: inform.kz