Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз – Олжас Бектенов

Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз – Олжас Бектенов

Премьер-Министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыруға арналған кеңесте министрлерді қағазбастылықтан арылуға шақырды.


«Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайтып, экономиканы белсендірек әртараптандыруға, инвестиция тартып, барлық міндеттерді шешуге қажетті өкілеттіктердің бәрі берілді», - деді Олжас Бектенов.


Үкімет басшысы формализм мен бюрократияны жоя отырып, стереотиптерден арылу қажеттігін айтты.


«Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», — деп қорытындылады Премьер-Министр.



Дереккөз: inform.kz