Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отбасы банк депозитінде зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі ұзаруы мүмкін

Отбасы банк депозитінде зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі ұзаруы мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне жұмсады және осы уақытқа дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ресімдеген жоқ.


«Отбасы банк» АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі алты жыл.


Осыған байланысты, министрлік азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Отбасы банк» АҚ депозиттерінде БЖТ қаражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынады. Бұдан басқа, ерлі-зайыптыларға «Отбасы банкі» АҚ депозиттерін бір-біріне БЖТ қаражатымен толықтыруға мүмкіндік беру ұсынылады, - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, бұйрық жобасымен тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы «Отбасы банк» АҚ-мен шарт бұзылған кезде БЖТ-мен толықтырылған сома алушының арнайы шотына қайтарылады, ол 20 жұмыс күні ішінде осы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады немесе емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес емдеуге жібере алады (2021 жылғы 15 ақпандағы № ДСМ-18 Министрдің бұйрығы).


Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне жоспарланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында талқылануда. Барлық ескерту мен ұсыныстар қабылданғаннан кейін бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілетін болады. Барлық келісу процесі шамамен екі айға созылады.


Дереккөз: baq.kz