Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан алғаш рет «орта державалар» тізіміне кірді

Қазақстан алғаш рет «орта державалар» тізіміне кірді

Қазақстан алғаш рет «орта державалар» тізіміне енді, деп жазады qazaqstan.tv.  

Германияның «Ғылым және саясат қоры» ғылыми-талдау орталығы (SWP) «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды актерлер» атты көлемді мақалалар жинағын шығарды. Мақалада Қазақстан «орта державалар» тізіміне енгені айтылған.

SWP сарапшылары талдауына сәйкес, тізімге Қазақстанмен қатар, Түркия, Израиль және Үндістан сияқты мемлекеттер кірген. Еліміз «орта державалар» тізіміне алғаш рет еніп отыр.

SWP пікірінше, еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің ерекше сыртқы саясатымен көзге түсіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Батыс елдері және Қытаймен, әсіресе шикізат секторында экономикалық қатынасын тұрақты дамытып келеді.

Сарапшылар Қазақстан халықаралық саясаттағы амбициясын ертебастан жүзеге асыра алғанын мойындаған. Талдау орталығы сондай-ақ, республикамыз «шығыс пен батыс арасындағы көпір» ретіндегі геосаяси әрі тарихи рөлін нығайтқанын атап көрсеткен.