Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сағат белдеуі ауысқан соң мектепте сабақтың басталатын уақыты өзгере ме

Сағат белдеуі ауысқан соң мектепте сабақтың басталатын уақыты өзгере ме

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің бірыңғай сағат белдеуіне көшуіне байланысты мектептегі сабақтың басталу уақытының өзгеру мүмкіндігіне қатысты сауалға нақты жауабын берді.

Ведомствоның атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіреді.

«Өңірлердің білім басқармалары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сабақ бекітілген қолданыстағы кестеге сәйкес басталады. Сабақ еш өзгеріссіз штаттық режимде жалғасады»,
— деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің білім басқармаларына білім мекемелерінің басшыларына, педагогтар, оқушылар және олардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ел аумағындағы уақыт белдеуінің өзгеретінін құлағдар қылуға кеңес берілді.



Дереккөз: inform.kz

Фото: altaynews.kz