Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ.Тоқаев Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады.


Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.