Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Заңсыз ойын бизнесі туралы 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданады – Ерлан Қарин

Заңсыз ойын бизнесі туралы 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданады – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру процесі басталғанын айтты.

Айтуынша, Президенттің ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр. Осыған орай заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданады.

«Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ. Бір сөзбен айтсақ, Президенттің Атырауда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында.



Фото: baigenews.kz