Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкенттегі Қошқар ата өзеніне белгісіз қызыл сұйықтық төгілді

Шымкенттегі Қошқар ата өзеніне белгісіз қызыл сұйықтық төгілді

Сараптама қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары кінәлілерді анықтап, жауапқа тартпақ.

Қошқар ата өзеніне белгісіз қып-қызыл сұйықтықтың ағып келіп жатқанын қала тұрғыны видеоға түсіріп алған. Автордың айтуынша біреу мал сойып, қанын бұлақ суына ағызып жіберген болуы да мүмкін. Қазіргі таңда экологтар судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр.

«Қан ба, бояу ма әлі нақтыланған жоқ. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кез келген өзендерге түсетін жаңбыр, қар суларына тазалау қондырғыларын қою керек. Әкімшіліктің алған өз міндеттемесі бар», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген қалалық экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

Ал, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындар тарапынан әлі ешқандай шағым түспегенін айтып өтті. Сондай-ақ зертханалық тексерудің нәтижесі бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді.




Фото: kaz.inform.kz