Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қостанай облысында әзірге 194 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі - әкімдік

Қостанай облысында әзірге 194 үйдің иесіне жаңа баспана беріледі - әкімдік

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов өңірде тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың шығыны қалай өтеліп жатқанын баяндады.

«Облыстың екі қаласы мен төрт ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің бәрінде зардап шеккендерге шығынды өтеу бойынша комиссиялар құрылды. Төлем туралы шешімді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүліктерді, малды бағалап, техникалық тексеру өткізгеннен кейін қабылдайды.

Бүгінгі таңда 353 нысан тексерілді. Оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жарамды. Олардың бүліну деңгейін бағаланғаннан кейін өтеуге жататын залал сомасы белгіленеді. Қалпына келтіруге жарамсыз 194 үй тіркелді. Олардың иелеріне жаңа баспана беріледі»,
- деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, облыстың оңтүстік өңірлерінде мал көп қырылған.

«Ветеринариялық қызметтің мәліметі бойынша, су тасқыны салдарынан мал өлімі 951 басқа жеткен. Соның ішінде 214 бас малды бағалау аяқталды. Енді өтемақы беру мәселесі пысықталып жатыр.

Электр желілерінің 1414 бағаны, соның ішінде 52 жоғары вольтты тірек зақымдалған. Барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, бірақ шамамен 26 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз қалып отыр. Қазіргі таңда смета әзірленді, қажетті материал, тіректер әзірленіп жатыр.

Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. Бүгінгі таңда біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда», - деді әкімнің орынбасары.



Дереккөз: inform.kz