Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оралда жауынгер жалғыз өзі 30-ға жуық адамды тасқыннан аман алып шықты

Оралда жауынгер жалғыз өзі 30-ға жуық адамды тасқыннан аман алып шықты

Орал қаласында 5517 әскери бөлімінің қызметкері Мәулен Марленов су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған тұрғындарға дер кезінде көмекке келді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мәулен топан судың ортасында адамдар тиелген жүк көлігінің батып бара жатқанын байқайды. Содан кейін оны өз көлігінің күшімен тартып шығарып, 30-ға жуық адамды қауіпсіз жерге жеткізуге септігін тигізді.

«Бізге бекітілген аймақта тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын атқарып жүргенмін. Бір мезетте 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялауға тырысқан жүк көлігі су ортасында батып қалғанын көрдім. Көп ойланбастан сол көлікті өз көлігіме тіркеп, қауіпсіз аймаққа шығардым», - деді М.Марленов.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында тасқын сумен күреске Ұлттық ұланнан 1 мыңға жуық сарбаз, 40 техника жұмылдырылған.


Фото: kaz.inform.kz