Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды

Құлынды құтқармақ болған Түркістан облысының тұрғыны судан шыға алмай қалды

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды.

Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тасжолына кезекшілікке түскен полицейлерге жол бойындағы адамдар Сырдария өзенінен бір адамның шыға алмай жатқанын жеткізген. Тәртіп сақшылары мән-жайды білісімен бірден құтқару жұмысына кірісті. Дәулет суға түсіп, батып бара жатқан адамды жағаға жақындатты. Содан әріптесі Нұрғали екеуі ер адамды сүйреп, қауіпсіз жерге алып шықты.

«Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін көрген. Содан құтқармақ болып суға түсіп, шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы бірқалыпты» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.


Фото: kaz.inform.kz