Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өлген мал үшін шаруаларға өтемақы төлеу басталды

Өлген мал үшін шаруаларға өтемақы төлеу басталды

Тасқыннан зардап шеккендер, өлген малға өтемақы алу үшін, жергілікті жердегі залалды өтеу жөніндегі комиссияға өтініш жазуы тиіс. Ауыл шарушалығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин осыны еске салды.

Оның айтуынша, бүгінде Қарағанды облысындағы қожалықтарға өтемақы толық өтелген. Қазір бұл жұмыстар Қостанай облысында жалғасып жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, 7 мыңнан астам мал басы қырылған. Сондай-ақ, алдағы егістік науқанына астық қоры жеткілікті деді. Азық-түлік корпорациясы зардап шекен шаруаларға бөліп төлеу шартымен тұқым беруге дайын.