11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда», - деді Үкімет басшысы.