Президент Семей орманын қалпына келтіру жөніндегі тұрғындар бастамасын қолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады», - деп ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» тематикалық апталығы аясында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кең масштабты акция ұйымдастырылып, Бородулихинск елді мекені маңына көшеттер отырғызылғанын жазған болатынбыз.
Акция шеңберінде Воскресеновка ауылы маңындағы 5 гектар жерге 23 мың көшет отырғызылды. Жалпы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 70 мың ағаш отырғызылған.
Фото: oskemen.info