Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін Jibek Joly телеарнасында Ерлан Қариннің эксклюзивті сұхбаты шығады

Бүгін Jibek Joly телеарнасында Ерлан Қариннің эксклюзивті сұхбаты шығады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат берді.


Сұхбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдіреді. Атап айтқанда, Ұлттық құрылтайдың құрылу тарихы мен онда көтерілген бастамалардың маңызы, Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігі, елдегі су тасқыны жағдайы және басқа да тақырыптар қозғалады.


Бағдарлама бүгін сағат 21:10-да эфирге шығады.


Еске салсақ, Ерлан Қарин 2022 жылғы 5 қаңтарда ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты Ерлан Тынымбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.


2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деп ұсыныс жасаған болатын.


Фото: abai.kz