Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Париж-2024: Қазақстандық спортшы Олимпиаданың 49 жолдамасын жеңіп алды

Париж-2024: Қазақстандық спортшы Олимпиаданың 49 жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Эдуард Ещенко Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

Ол жолдамаға стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде қол жеткізді. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл ел қоржынына түскен 49-шы жолдама.

Эдуард Ещенко скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).


Фото: Спортты дамыту дирекциясы