Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Бүгін «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

Бүгін 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін шара сағат 17:00-ден басталып түнгі 22:00-ге дейін жалғасады.

Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.