Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады
Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенмен кездесуінде белгілі болды.
«Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз», – деді Президент.