Машина жасау саласын тың өзгерістер күтіп тұр
Өскемендегі техникалық оқу орнында ашылған көлік құрастыру шеберханасында жас мамандар автокөліктің барлық түрін құрастыру, жөндеу диагностика жасаудың толық жүйесін үйренуде.
Былтыр желтоқсан айында президент тапсырмасы бойынша қытайдың авокөлік құрастырудағы әлемге әйгілі «Лу Бань» шеберханасы өңірде жұмысын бастады. Ал ақпан айында Президент осы шеберхана жұмысымен танысып,үкіметке еліміздің барлық өңірінде ашуды тапсырды. Қытайдың Тяньцзинь институты шеберхананы толық жабдықтаған. Қытай мемлекеті 1 миллион долларды инвестиция ретінде беріп отыр. Алғашқы кезеңде шеберхана жасақталып, қажетті құралдармен жабдықталды. Қазір толық іске қосылды. 15 оқытушы -инженер Қытайдағы «Лу Бань» шеберханасына барып тәжірибе алмасып қайтты.
Фото: astana-akshamy.kz