Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда "Жұмаділов оқулары" өтеді

Алматыда

2024 жылдың 3-мамырында  сағ. 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (журналистика факультеті, № 230 аудитория) «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы студенттер мен магистранттарға, жас ғалымдарға арналған «Жұмаділов оқуларын» өткізеді. Тұңғыш рет өткізілетін «Жұмаділов оқулары»  аясында қазақтың заңғар жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің отбасымен біріге отырып, ең үздік ғылыми жұмысқа, ең үздік баспасөз материалына және үздік ғаламтор жарияланымына  байқау жариялайды.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқау міндеттері – алдағы уақытта Қ. Жұмаділов оқуларын өткізуді дәстүрге айналдыру, қазақтың қабырғалы қаламгері, көшелі шежіреші әрі  қазақ баспасөзінде толымды еңбек еткен жазушы, публицист, баспагер-редактор Қабдеш Жұмаділовтың  руханиятқа, ұлттық журналистиканы дамытуға қосқан ерекше үлесін болашақ ұрпаққа таныстыру, кемеңгерлігі мен қайраткерлігін, азаматтық позициясын, адамгершілігі мен парасаттылығын академиялық ортада, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

Байқаудың номинациялары:

-    Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы және публицистік қыры, редакторлық шеберлігі мен өнегелі өмірін арқау еткен «Үздік ғылыми жұмыс»;

-     Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы және публицистік қыры, редакторлық шеберлігі мен өнегелі өмірін арқау еткен «Үздік баспасөз материалы»;

-     Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы және публицистік қыры, редакторлық шеберлігі мен өнегелі өмірін арқау еткен «Үздік ғаламтор жарияланымы»;


Конференцияға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Қабдеш Жұмаділовтың отбасы, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысады.



ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан  

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары – Е.Т.Кисимисов +77075209956

Жетекші маман М.Альмухаметова, тел.: +77075358455