Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқынынан зардап шеккен 1 553 үйді қайта салу қажет

Су тасқынынан зардап шеккен 1 553 үйді қайта салу қажет

Еліміз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 11 865 тұрғын үй бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде су тасқынының салдарын уақытылы жою үшін Жедел штаб құрылып, оның мүшелері су басқан аумақтардың әрқайсысын аралап, жағдаймен танысқан. Сондай-ақ зардап шеккен аймақтардың жағдайын күнделікті бақылап отыратын Ахуалдық орталық қызмет етуде. Жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр. Оның ішінде: 5 607-сі жеке тұрғын үй және 71-і көп пәтерлі тұрғын үйр, сондай-ақ 17 907-сі саяжай үйлері», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Ресми өкіл ұсынған дерекке сәйкес, аймақтар бойынша жағдай мынадай:



— Ақмола облысы: жеке тұрғын үй — 907, көпқабатты тұрғын үй — 28;

— Атырау облысы: жеке тұрғын үй — 1 082, саяжайлар — 30;

— Ақтөбе облысы: 44 жеке тұрғын үй;

— Қостанай облысы: 7 саяжай;

— БҚО: 14 839 саяжай

— СҚО: жеке тұрғын үй — 3 574, көпқабатты тұрғын үй — 43 саяжай үйлері — 3 031.



Фото: tengrinews.kz