Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ

Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ

Әділет министрлігі сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгерту енгізбекші. Құжат жобасы 21 мамырға дейін ашық талқылауда болады.

Негіздемеде сот сараптамасының жаңа түрі зияткерлік меншік нысандарына сот сараптамасына тағайындау көбейіп кеткендіктен тізбеге енгізілетіні айтылған.

«Бұған дейін аталмыш сараптамалық зерттеу азық-түлік емес тауарлардың тауарлық сараптамасы аясында жүргізіліп келді. Дегенмен зерттеу нысаны тауарларға емес, оларды сәйкестендіру құралдарының белгілерін адамның қабылдауына байланысты мән-жайлар болып отыр және арнайы тауарларға қатысты жоқ тауарлық зерттеулер саласындағы ғылыми білім болып есептеледі»,
- делінген негіздемеде.


Сонымен, Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне мынандай сараптама түрлері енгізілмек:

- Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы;
- Дараландыру құралдарын ұқсастық тұрғысынан сот-сараптамалық зерттеу.


Дереккөз: inform.kz

Фото: stock.adobe.com