Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды

Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды

17 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова 2024 жылы Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академияның спортшысы, күрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Ол аталған турнирде үш жекпе-жек өткізіп, БАӘ мен Моңғолиядан келген қарсыластарын қапы қалдырды. Жарыс «но-васа» дисциплинасы бойынша өтті.


Дереккөз: inform.kz