Қазақстанда жаңа халықаралық рейс пайда болады
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаңа әуе жолы 1 маусымда жұмысын бастайды.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті. Қазақстан Республикасынан 28 елге қатынауға болады.
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы – Нөкіс жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды. Рейстер аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері, сыйымдылығы 174 жолаушыға дейінгі Airbus A320 ұшағында орындалады.
«Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», делінген хабарламада.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: gov.kz