Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқынынан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасына көмек

Су тасқынынан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасына көмек

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған.  Қазақстан Президентінің тапсырмасымен барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

11 мамырдағы жағдай бо­йынша 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыс­тарында зардап шеккен аза­маттарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпы­на келтіруге өтемақы ал­ды. Жалпы алғанда, зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін беріл­ген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.



Дереккөз: egemen.kz

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі