Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық оқушы классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушы классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы атанды

Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті. Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылы әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында бозбалалар (Open) жене қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілді.

Біріншіліктің ашылу рәсімі 1 мамырда Regional Sports Village of Callao ғимаратында болып, оған Перу спорт институтының (IPD) директоры Гидо Флорес жане Перу Білім министрі Морган Керо қатысты. Чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия жане Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1174 жас шахматшы қатысты.

Айару Алтынбек – 6-сыныптың үздік оқушысы.



Фото: gov.kz