Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Жыл сайын 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Бұл күн 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы отбасының маңызды рөлі туралы хабардар ету және оның қоғамға қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік беру үшін белгілеген.

Қазақстандықтардың өмірінде отбасы ерекше орын алады. Мықты және бақытты отбасы – бүкіл қоғамымыздың, бүкіл мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің негізі.

«Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл конкурс адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.


Фото: Орал қалалық кітапханасы сайтынан