Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда орташа жалақы – 382 279 теңге

Қазақстанда орташа жалақы – 382 279 теңге

2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні — 382 279 теңгені құрады.  

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім: Атаулы мәнде — 12,3% Нақты мәнде — 2,7% Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады.

Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ға, Алматы қаласында — 16,4%-ға, Ақтөбе облысында — 16,1%-ға, Павлодар облысында — 15,9% байқалған.

«Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі», —деп ескертеді Ұлттық статистика бюросы.


Lереккөз: inform.kz