Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі

Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі

Еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі. Бұл туралы бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Былтыр менің Жарлығыммен еліміздегі іргелі мәдениет ордаларына ұлттық және академиялық мәртебе берілді. Бұл шешім өнер ұжымдарының шығармашылық өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіне жол ашатыны сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады. Еліміздегі ең басты үш музейге, яғни үш мұражайға ұлттық мәртебе беріледі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент қазіргі заман талабына сай музей қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық институтқа айналуы керектігін баса айтты.


Фото: inform.kz