Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Лондонда ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталды

Лондонда ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталды

Лондонда мәдениет апталығы өтіп жатыр. Ұлттық құндылықтар ұлықталатын шараға Ұлыбританиядағы Қазақ орталығының өкілдері де қатысуда. Олар “Тал бесіктен жер бесікке дейін” атты қойылым қойып, шетелдіктерді салт-дәстүрлерімізбен таныстырды.

Лондоннан бесік табу қиын. Дүкенде сатылмайды. Елден алдыруға уақыт тығыз. Жергілікті қазақтар оны қолда бар дүниелерден жасапты. Дейтұрғанымен, бай тарихымыз бен мәдениетімізді шетелдіктерге тереңінен түсіндіру идеясы сәтті жүзеге асқандай. Бұл күні бесікке салу дәстүрінен бөлек тұсау кесу рәсімі де өткізілді. Әр қуанышты сәт сайын шашу шашылды.

“Мен Лондонға Оралдан қыдырып келдім. Ұлыбританияда қызым, күйеу балам және екі жиенім тұрады. Ұрпақ жалғасын тапқан үлкен әженің рөлін ойнадым. Шашуымды шаштым. Әуелі көрермендер тіксініп қалып, содан кейін дәм екенін, оның тәтті екенін түсініп, жерге еңкейіп алды”, - дейді қойылымға қатысушылардың бірі Гүлзада Хасанова.

Шетелдіктер үшін бәрі таңсық, бәрі қызық. Асық атып ойнап жатқан балалар, ұлттық нақышта киінген қазақ жастары оларды сүйсінтпей қоймады. Жүргізуші барлығын ағылшын тілінде түсіндіріп отырды. Жаңа түскен келіннің беташар жоралғысы жиналғандардың ерекше қызығушылығын туғызды.


Фото: Олег Савка