Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ кезекті рет жүргізушілерге үндеу жасады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.  

– Құрметті азаматтар! Сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын! Полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбінесе жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарынан адам адам қаза тапты. Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев.


Фото: ҚР ІІМ