Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Astana LRT жобасы қандай жаңа технологиямен салынып жатыр

Astana LRT жобасы қандай жаңа технологиямен салынып жатыр

Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлон Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік желісі (Astana LRT) қандай технология қолданып жатқаны туралы айтты.

Хан Юлонның айтуынша, LRT желісі Орталық Азиядағы алғашқы жүргізушісіз басқарылатын (автопилот жүйесі) жылжымалы құрам болмақ.

- Astana LRT жобасы Қытай-Қазақстан екі ел арасындағы «Бір белдеу – бір жол» бастамасында айрықша маңызы бар жоба саналады. Сондықтан, біз бұл жобаға ерекше мән береміз. Жобаның сәтті және сапалы аяқталуы үшін құрылыс жұмыстарына «қытайлық стандартқа» негізделген соңғы технологияларды қолданып отырмыз. Мысалы, LRT желісінің жылжымалы құрамы қашықтықтан жүргізушісіз басқарылады, - деді China construction бас менеджері.

Оның айтуынша, LRT желісінің Есіл өзенін кесіп өтетін жерінде жаңа көпір салынды. Жоба «ғасырлық жоба» стандартына сай болу үшін қытайлық жетекші технология қолданылды.

- Көпірдің жалпы ұзындығы - 155 метр. Бұл көпірдің негізгі арқалықтары болат конструкциядан құралып, көпір бетіне арматура араласқан бетон құйылады. Болат конструкция қытайдағы соңғы технология доғалық дәнекерлеу «роботы» арқылы дәнекерленіп, «құрастырмалы блок» әдісі бойынша құрылыс жүргізілді. Бұл күнде көпірдің негізгі құрылысы аяқталып, көпірдің жалпы салмағы 2598 тоннаны құрады, - деді Хан Юлон.


Дереккөз: inform.kz