Шымкентте қала күніне орай конгресс-холл ашылды

19 маусым - Шымкент қаласының күні. Шымкенттің республикалық маңызы бар дербес қала мәртебесіне ие болғанына 6 жыл толды. Осы мерекеде шаһар жұртшылығына тарту ретінде 2 мыңнан астам көрермен сыятын концерт залы ел игілігіне берілді.
Осыдан екі жыл бұрын Президенттің тапсырмасына сай мәдени нысанның құрылысы басталған болатын. Заманауи талапқа сай жабдықталған конгресс холл қалалық филармония өнер ұжымына берілді. Мұнда концерт және мәдени шаралардан бөлек халықаралық жиындарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Залдарға кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ екінші бөлігінде қолөнершілер орталығы мен шеберхана жұмыс істейді.
Когресс холда алғашқы болып қала күні мерекесіне орай жиын өтті. Салтанатты кеште қала басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, шаһардың дамуына айырқша еңбек сіңірген жандарға Құрметті азамат атағын берді.
Фото: Шымкент қалалық әкімдіг