Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Парижде 80 спортшы ел намысын қорғайды

Парижде 80 спортшы ел намысын қорғайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрін қабылдады. Ермек Маржықпаев Президентке ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы мен лицензиялық турнирлердің қорытындысы жайында есеп берді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Ал Мемлекет басшысы Олимпиада ойындары спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.