Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада «Табиғатты аялайық» экологиялық жәрмеңкесі өтті

Астанада «Табиғатты аялайық» экологиялық жәрмеңкесі өтті

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында Орталық саябақта қала әкімдігіне қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Табиғатты аялайық» атты экологиялық жәрмеңке өткізді.

Мұндай жәрмеңке қалада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елорда күнін мерекелеу аясында өтіп жатқан эко шараға орталықтардың көркем өнерпаздары мен қолөнер шеберлері қатысты. Олар өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сатылымға шығарды.

«Аталған іс-шараның мақсаты – қала тазалығын сақтау және экологияны қорғау. Экологиялық жәрмеңкеде қалдық заттардан қайта өңдеп жасалған бұйымдар келушілер назарына ұсынылды. Бұл бұйымдарды біздің орталықтың ата-әжелері өз қолдарымен жасаған. Мәселен, жұмыртқаның науасынан панельдер, пластик бөтелкелерден фонарьлар, газеттерден себеттер жасап, оларды қайта өңдеп, пайдалану маңызды екенін үйретеді», – деді Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Динара Зәкір.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұдан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Жәрмеңкеде қайта өңделген материалдардан жасалған экостильде безендірілген «Өмір ағашы» маңызды инсталляциялардың бірі болды. Сондай-ақ шара барысында концерттік бағдарлама мен флешмоб ұйымдастырылды.


Дереккөз: Астана қаласының әкімдігі