Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлан Қарин: ШЫҰ саммиті Қазақстан беделін жаңа деңгейге шығарды

Ерлан Қарин: ШЫҰ саммиті Қазақстан беделін жаңа деңгейге шығарды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин 24.kz телеарнасына берген сұхбатында елордада өткен ШЫҰ саммиті ең ауқымды шаралардың бірі болғанын атап өтті.

«Сыртқы саяси аспектідегі маңызды тұжырым — бұл саммит Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа маңызды деңгейге шыққанын айқындады», — деп атап өтті Ерлан Қарин.

ШЫҰ-ға мүше елдердің басшыларынан бөлек, саммитке көптеген байқаушы елдер, делегация басшылары, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысы қатысты.

Мемлекеттік кеңесші соңғы уақытта көптеген шетелдік сарапшылар, байқаушылар мен саясаткерлер Қазақстанның халықаралық аренадағы іс-қимылына, қандай да бір бастамаларына, Қазақстанның ұстанымына түрлі баға бергенін атап өтті.

Осылайша, жыл басында Германияның беделді сыртқы саясат қоры Қазақстанды алғаш рет орта державалар тізіміне жатқызды.

Саммитте Қазақстанның сыртқы саяси беделі өз жемісін берді, оның рөлі мен ұстанымы нық орнықты.



Дереккөз: inform.kz