Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Консультативтік-сараптамалық топтың мүшелері Е. Л. Устемиров, О. А. Худайбергенов, Р. В. Коняшкин, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің лауазымды тұлғалары, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Б.Г. Нұрғазиева, Б. Ш. Ағыбаева, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну рәсімдерін жетілдіру аясындағы 17 бағыт бойынша жүргізілген талдау қорытындылары қаралды.

Консультативтік-сараптамалық топ отырысының қорытындысымен орталық және жергілікті атқарушы органдарға, отырыста аталып өткен ұсыныстарды жүзеге асыруға қатысты бірқатар шешімді шаралар қабылдау, сондай-ақ цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша одан әрі жалғасатын жұмыстарды қамтитын іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды.




Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі