Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 11 шілдеде 1/2 финалдағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті. Кездесу екі құраманың толассыз шабуылымен басталды. Десе де алғашқы минуттарда екеуі де қателікке бой алдырған жоқ.

Ойынның 7-минутында нидерландтық Хави Симонстің алыстан тепкен добын ағылшын қақпашысы Джордан Пикфорд қайтара алмады.

Өз қақпасына гол жіберіп алғаннан кейін Англия құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нидерланд құрамасының қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде нидерландтық қорғаушылар өз айып алаңында Англия шабуылшысы Гарри Кейнге қарсы тәртіп бұзды.

Бейнеқайталауды қарап шыққан германиялық Феликс Цвайер Нидерланд қақпасына пенальти белгіледі. Бұл мүмкіндікті Гарри Кейн мүлт жіберген жоқ. Ал 91-минутта Англия сапынан Олли Уоткинс жеңіс голын соқты. Осылайша ағылшындық футболшылар 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалда Испания құрамасы Францияны 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Енді финалда 14 шілдеде Берлин қаласындағы «Олимпиаштадионда» Испания мен Англия құрамалары кездеседі.


Фото: championat.com