Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге  Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлады.  

«8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деп түсіндірді ол.

Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған. Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.


Дереккөз: inform.kz