Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты жазғы демалыс ұзартылмайды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты жазғы демалыс ұзартылмайды

Астана әкімдігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Әкімдіктің Telegram арнасында жариялаған мәліметі бойынша, жаңа оқу жылы (мектеп оқушылары, студенттер) штаттық режимде 1 қыркүйек күні басталады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне байланысты жазғы демалыс ұзартылмайды.

Сондай-ақ Ғылым және эоғары білім министрі Саясат Нұрбек БАҚ өкілдеріне Астанада өтетін Көшпенділер ойыны кезінде қаладағы жоғары оқу орындары қалай жұмыс істейтінін айтты.

«Шешім бар. Көшпенділер ойындары оқу процесіне ешқандай әсер етпейді. Астанадағы студенттер қалыпты режиммен оқиды. Бұл мектептерге қатысты мәселе шығар. Бірақ жоғары білім бойынша айтсақ, штаттық режимде жұмыс істейміз», — деді Саясат Нұрбек.

Дереккөз: kazinform
Фото: pixabay