Бассейн де, ақша да жоқ: Бюджет қаражатын жымқырған мердігер ұсталды
Бюджет қаражатын жымқырған мердігер ұсталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қарағанды облысының балаларына арналған бассейн құрылысына бюджеттен 130 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Қазір бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде.
Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысына жауапты азамат жалған актімен жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның, сондай-ақ құрылысқа қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударып келген.
Күдікті үйқамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Фото: gov.kz