Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтаулық оқушы халықаралық робот техникасы жарысында бас жүлде алды

Ақтаулық оқушы халықаралық робот техникасы жарысында бас жүлде алды

Ақтаудағы «ІТ мектеп-лицейдің» 10-сынып оқушысы Нұркен Ізбасарұлы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен «11th IYRC-International youth robotic competition» білім беру робототехникасы бойынша халықаралық жарыста «Гран При» жеңіп алды.

Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен “11th IYRC-International youth robotic competition” сайысына әлемнің 20 елінен 1 мыңнан астам оқушы қатысқан. Нұркен Ізбасарұлы сол мың оқушының ішінен үздік шықты.

Нұркен Ізбасарұлы жарыста «Орманды құтқару» бағыты бойынша 13 пен 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында бағдарламаны жылдам әрі, сапалы жасап шыққан.

- Мен робототехникамен 5 жылдан бері айналысамын. Бұл — халықаралық жарыс, әлбетте, қатты уайымдадым. Бірақ бәрі жақсы өтті. Маған Корея ұнады. Болашақ мамандығым робототехника және IT-технологиямен байланысты болғандықтан, Корея мемлекетінің жоғары оқу орнына түскім келеді. Зор қолдауын білдірген жаттықтырушым мен ата-анама өз алғысымды айтамын, - дейді Нұркен Ізбасарұлы.

Осы орайда бас бапкер Дмитрий Куричев шәкіртінің сын сағатта қандай қиындықты бастан кешкені туралы айтып берді.

- Бағдарламаны бірге әзірледік. Нұркен де аздап қобалжыды. Оның үстіне қарсыластары мықты болды. Корея, Қытай, Малайзия, Таиланд, Лаос, Ресей, Қазақстан, Бразилия, Үндістан, Алжир, Израиль, Ирак, Индонезиядан мыңнан астам бала қатысты. Бірақ Нұркен тапсырманы жақсы орындап, жеңіске жетті. Біз оны жеңісімен құттықтаймыз, - деді Дмитрий Куричев.


Дереккөз: inform.kz