Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
Ұшақтардың жиі кешігуі: Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
«Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды», — деп жазды комитеттен.
Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.
Дереккөз: kazinform
Фото: Air Astana