Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Грек-рим күресінің шеберлері Алпамыс Болатұлы мен Еркебұлан Анапия Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті. 

55 кг салмақта сынға түсіп жатқан Алпамыс Болатұлы алғашқы белдесуінде жапон балуаны Юки Хирохасиді 8:0 есебімен жеңді. Кейін ол ширек финалда ирандық Амирали Тайеб Хейдариді 10:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны армениялық Юрик Мхитарияннан басым түсіп, финалға өтті. Ол ақтық сында америкалық Джейден Скотт Рэйнимен күреседі.

Еркебұлан Анапия 80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр. Ол 1/8 финалда украиналық Владислав Солодчукты 11:0 есебімен жеңсе, ширек финалда молдовалық Никита Апостолға мықтылығын дәлелдеде (8:0). Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Хажиевтің жауырынын жерге тигізіп (8:6), финалға өтті. Еркебұланның ақтық белдесудеге қарсыласы –нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.  

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық балуан Едіге Төлеутаев (48 кг) қола медаль үшін күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берді.



Дереккөз: kaz.nur.kz

Фото: uww.org