1 қыркүйекте оқушылар мұғалімдерге гүл сыйлай ала ма: білім министрі жауап берді

Бүгін Назарбаев университетінде өткен конференция аясында білім министрі мұғалімдерге Білім күніне орай беруге болатын ең кең таралған сыйлыққа қатысты сұраққа жауап берді.
"Тәттілер туралы ойлану керек, әркімнің тәттіге келгенде өз қалауы бар. Бірақ менің ойымша, оқушыдан гүл алу әрдайым жағымды көрінеді. Оқушылардың ұстазына шын көңілден, ризашылықпен гүл сыйлауы дәстүрге айналып кетті. Гүл мәселесін ары қарай талқылау қажет деп ойламаймын. Әркімнің талғамы әртүрлі. Гүлден асқан сыйлықты көріп тұрған жоқпын. Ұстаз ретінде мұғалімге шын көңілден берілген гүл ең жақсы сыйлық деп ойлаймын", - деп атап өтті Ғани Бейсеибаев.
Фото: ult.kz