Қазақстан мен Қытай бірлесіп ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайды
Қазақстан мен Қытай бірлесіп ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын болады. Тиісті келісімге Астанада Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Циндао аграрлық университетінің басшылары қол қойды.
Құжат аясында қос елдің ЖОО-ы ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындап қана қоймай, осы салада ғылыми -зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қазақстандық студенттер мен оқытушылар Қытайға барып, біліктіліктерін арттырады. Мұндай келісім университеттер мен ғылыми орталықтар арасындағы ғылыми-техникалық байланысты нығайтып, сапалы маман даярлауға септігін тигізеді.
Фото: enu.kz