Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қосымша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Қосымша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

«Қазақстан халқына» қоры жоғары оқу орындарының 792 грант иегерінің тізімін жариялады. Бұл гранттар арнайы санатқа жатқызылған абитуриенттерге қосымша бөлініп отыр.

«11 қыркүйекте «Қазақстан халқына» қоры Басқармасы 2024 жылға арналған білім гранттарына ие болған талапкерлердің тізімін бекітті. Биыл қайырымдылық бағдарламасы аясында 850 грантты бөлу үшін 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары (ЖОО) таңдалды. 2024 жылдың  1-17 тамызы аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлердің өтініштерін қабылдады»,-делінген қор сайтында жарияланған хабарламада.

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранты тегін, күндізгі бөлімде оқудың барлық кезеңіне бакалавр дәрежесін бере отырып, жылына 1 миллион теңгеге дейін жоғары білім алу құнын өтейді. Сондай-ақ грант иелеріне жазғы демалысты есепке алмағанда жылына 10 айға 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді.

Аталмыш тізімді мына сілтемеге өтіп көре аласыз.

Фото: edu.kz