Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аламан бәйгені Айқабақ жеңді

Аламан бәйгені Айқабақ жеңді

25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық үш тұлпар жүлделі орындарды иеленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі мәлім етті.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);

2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);

3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігі