Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанға екі аптада жарты миллионнан аса турист келді

Қазақстанға екі аптада жарты миллионнан аса турист келді

Биыл 1-13 қыркүйек аралығында елімізге келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Бұған ықпал еткен негізгі факторлар – Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті. Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген.

Ең көп турист келген елдер:
🔹Қытайдан 8 мыңнан астам
🔹Үндістаннан 6 мыңнан астам
🔹Германиядан 4 мыңнан астам

EQonaq жүйесі Астанада 12,4 мыңға жуық шетелдік туристі тіркеді. Олардың қонақ үйде тұруға, жолпұл, тамақтану және ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығыны – 15,5 млн АҚШ долларын құрайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келушілер ел экономикасына қосымша 625 000$ қосқан.



gov.kz