Былтыр елімізде 42 мың киік атылған
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктер ауыл шаруашылығына 10 миллиард теңге залал келтіргенін айтты.
"Елімізде бұрын 21 мың бас киік болса, бүгінде олардың саны 4,1 миллион басқа жетті. Мысалы, БҚО-да 2,8 миллион бас киік мекендейді. Мемлекет киіктердің санын сақтау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Енді біз ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді сақтауға көңіл бөлеміз. Әсіресе бұл Батыс Қазақстан облысына қатысты. Әлемнің бірде-бір мемлекетінде осынша киік мекендемейді. Бүгінде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда", - деді ведомство басшысы.
Ерлан Нысанбаев атылған киіктер ет комбинаттарына тапсырылғанын айтты.
Фото: massaget.kz